Бөлімдер
Трендтер

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Үндістанның Бангалор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Григорий Ломакин жұптық сында ресейлік Павел Бар-Бирюковпен бірге өнер көрсетіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда қазақстандық-ресейлік жұп Үндістан өкілі Джеван Недунчежиан мен ресейлік Сергей Бетовты 4:6, 7:5, 10:8 есебімен жеңді.

Енді финалға шығу үшін Григорий Ломакин мен Павел Бар-Бирюков Үндістан теннисшілері Мукундр Сасикумар және Адиль Калианпурмен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget