Бөлімдер
Актуалды

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Сырымбет Ерденұлы Қаскеев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.