Бөлімдер
Трендтер

«Сахнада соқыр адам сияқты»: Қайрат Әділгерей әншінің образына шүйлікті (ВИДЕО)

«Сахнада соқыр адам сияқты»: Қайрат Әділгерей әншінің образына шүйлікті (ВИДЕО)

Танымал актер Қайрат Әділгерей «Хабар» арнасындағы «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында Қобыланды Болаттың сахналық образына қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер әншінің сахнаға көзілдірік тағып шығуын сынап, мұны сахна мәдениетіне сай емес деп есептейтінін айтты.

Қайрат Әділгерейдің пікіріне желі қолданушылары да үн қосып, оның сөзімен келіскендерін жазды.

«Қайрат Нұртасқа неге айтпайды осылар? 20 жыл болды ғой жүргеніне», «Өте дұрыс айтты. Фонограммада қайдағы эмоция? Кисін», «Маскамен шығып жатыр ғой», «Өте дұрыс айтады Қайрат. Кеңес уақытында әншілер сахнаға көзілдірікпен шықса да, оны шешіп шығатын. Қазір соқыр адам сияқты қара көзілдірік киіп шығады. Ол да мәдениет, этикет», «Қайрат мырза дұрыс айтады. Бәрі сахнада соқыр адам сияқты қара көзілдірік киіп алады. Шынында да, күн түсіп тұрса жарайды ғой», «Ішіп алғандары көрінбейтін шығар», – деп пікір білдірді көпшілік. 

Дереккөз: Skif News · Сағыныш Назар