Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова жас отбасыларға ата-енеден бөлек тұруға кеңес берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Актриса ата-енесімен он жыл бірге тұрғанын, сол уақытта келіндік міндетін атқарғанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі жастар мен үлкендердің көзқарасы бұрынғыдан өзгерген.
«Ата-енем бізбен он жыл бірге тұрды. Өте үлкен кісілер еді. Құрман ағаң: «Ауылдан алып келеміз», – деді. Мен келістім. Сөйтіп, келіндік қызметімді атқардым. Бірақ қазір жастарға айтарым – бөлек тұрған дұрыс. Басында бірге тұруға болады, дегенмен жалпы бөлек тұрған жөн. Қазір заман басқа, жастардың да, үлкендердің де ойы өзгерген», – деді Меруерт Өтекешова.
Өнер иесі бұл пікірін Астанада El.kz тілшісінің сауалына жауап беру кезінде білдірді. Ол бастапқыда ата-енемен бірге тұруға болатынын, алайда жас жұбайлардың кейін бөлек тұрғанын жөн санайтынын жеткізді.
Дереккөз: Skif News · Марина Ахметжанқызы




