Бөлімдер
Пікір

Қазақстанда Yandex Go сервистерінің жұмысы уақытша тоқтады

Қазақстанда Yandex Go сервистерінің жұмысы уақытша тоқтады

Қазіргі таңда Қазақстанда компания қызметтері уақытша жұмыс істемей тұр. Компания олқылықтарды қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметі кейбір сервистерде ақау бар екенін растады. Қазір мамандар олардың жұмысын қалпына келтіруге күш салып жатыр. Алайда қызметтердің қашан толық іске қосылатыны әзірге белгісіз.

Яндекс өкілдерінің түсіндіруінше, күрделі цифрлық сервистердің жұмысы әртүрлі елдерде орналасқан серверлерге тәуелді. Сондықтан бір сервердегі ақау басқа елдердегі қызметтердің жұмысына да әсер етуі мүмкін.

"Өкінішке қарай, қазір кейбір сервистер дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Қызметтердің жұмысын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін мамандарымыз жұмыс істеп жатыр", – делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан түсініктемеде.

Компанияның мәліметінше, жүйенің бір бөлігінде ақау пайда болған жағдайда, жүктеме басқа серверлерге ауыстырылады. Бұл сервистердің жұмысын қалпына келтіруге және қайталама ақаулардың алдын алуға көмектеседі.

Сондай-ақ Яндекс Қазақстан заңнамасына сәйкес жұмыс істейтінін және қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректері ел аумағындағы серверлерде сақталатынын хабарлады.

Бұдан бөлек, Yandex Cloud электр қуатының үзілуіне байланысты кейбір сервистердің жұмысында ақау болғанын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, ru-central1-a аймағында электрмен жабдықтау үзілген. Қазір мамандар мәселені шешіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Яндекс Go Казахстан (@yandex.go.kazakhstan)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай