
Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде 18 жастағы қыздың жарақат алуынан кейін әншінің алдағы концерттеріне билет сату уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Freedom Ticketon билет сату сервисі хабарлады.
«Шымкенттегі жағдайға байланысты Қайрат Нұртастың концерттеріне билет сатылымы уақытша тоқтатылды. Ресми парақшамызды оқып жүріңіз, қосымша хабарлаймыз», – делінген Ticketon хабарламасында.
Әзірге билет сатылымының қашан қайта басталатыны белгісіз.
Еске салайық, 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпаcұлы атындағы стадионда өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде адамдар қысылып, сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың жетеуі тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Ал жарақат алған 18 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаға байланысты полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Дереккөз: Курсив · Рауан Мутаир




