Бөлімдер
Пікір

Семейде тоғыз қабатты үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

Семейде тоғыз қабатты үйдегі жарылыс видеоға түсіп қалды: оқиғаның мән-жайы айтылды (видео)

Семейдегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында газ баллоны жарылды. Құтқарушылар өртті сөндірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство Telegram-арнасының дерегінше, ТЖМ құтқарушылары Абай облысында көп қабатты үйдегі өртті сөндірген.

"112" пультіне Семей қаласының Қарағайлы шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, бірінші қабаттағы балконда макулатура мен жиһаздың жанып жатқаны анықталды.

Жоғары температураның әсерінен балконда тұрған бос газ баллонындағы газ тұтанған. Соның салдарынан терезе әйнегі зақымданған", – делінген хабарламада.

Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай