Бөлімдер
Пікір

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты іс бойынша сот процесі басталды

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты іс бойынша сот процесі басталды

Алматының Алмалы аудандық сотында Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот процесі басталды. Ол алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Санжар Боқаев алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша жымқырды және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деп күдікке ілінген.

Іс бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте өтуі керек еді, бір ай кейінге шегерілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және теріс қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желіде кейбір тұлғалардың қоғамдық саябақ аймағында ағаштарды заңсыз кескені және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлағаны туралы бейнематериалдар жариялағанын хабарлаған.

Ведомство өкілдері оның ұсталғанын мәлім етті. Сондай-ақ Боқаевтың алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша жымқырды және ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды деп күдікке ілінгені айтылды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы