Бөлімдер
Пікір

Таиландтан жеткізілген сәлемдеме: Астананың екі тұрғыны есірткі ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталды

Таиландтан жеткізілген сәлемдеме: Астананың екі тұрғыны есірткі ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталды

Астанада Таиландтан әкелінген есірткі контрабандасы мен оның заңсыз айналымына қатысы бар делінген екі Қазақстан азаматына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, бірінші іс бойынша 20 жастағы қыз ақшалай сыйақы үшін Таиландтан жалпы салмағы 4,7 кг каннабис сығындысы бар екі чемоданды жеткізген.

Ол есірткіні шекарадан "тәттілер" деп өткізбек болған. Жүк елорда әуежайына келген бойда табылып, тәркіленді.

Сот оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Екінші іс бойынша 39 жастағы ер адам 2024 жылдың көктемінде Таиландтан Қазақстанға пошта қызметі арқылы есірткі жіберуді ұйымдастырып, оны халық тұтынатын тауарлар ретінде жасырған.

Бұл партияны қабылдап алған үш адам бұған дейін нақты мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.

Орган өкілдерінің мәліметі бойынша, жіберушінің өзі іздеуде болған, ал ұсталғаннан кейін сот алдына келген. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы