Бөлімдер
Жаңалықтар

Eindhoven Boxcup: Дәулет Төлемісов пен Ерасыл Жақпеков халықаралық турнирде топ жарды

Нидерландта өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде Дәулет Төлемісов пен Ерасыл Жақпеков жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

80 келі салмақта Ерасыл Жақпеков финалда украиналық Артур Касиановпен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Ал 85 келі салмақ дәрежесінде Дәулет Төлемісов те дәл сондай сенімділікпен украиналық Микола Лактионовты 5:0 есебімен ұтып, алтын медаль иеленді.

Бұған дейін бұл жарыста 70 келіде Абылайхан Жүсіпов және 50 келіде Даниял Сәбит те қарсыластарын жеңіп, чемпион атанған болатын.