Бөлімдер
Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағындағы плиталар ауыстырылады

Әуежайдағы жолақта барлығы 1200 плита ауыстырылады.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, жұмыс биыл атқарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Әуежайдың ұшу-қону жолына жыл сайын жөндеу жасалып жатыр. Биыл 1200 плита ауыстырылады. Оған облыстық бюджеттен қаржы қарастырылды. Бұл әуежай 6 айдың ішінде 532 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Өткен жылға қарағанда 5% артып отыр. Жалпы әуежай 10 бағытта рейс орындайды. Алтауы ішкі. Олар: Алматы, Астана, Атырау, Түркістан, Ақтау, Шымкент қалалары. Төртеуі халықаралық”, – деді Есет Аманбаев. Айта кетейік, әуежайдағы плиталарды ауыстыруға 500 млн теңге қарастырылған.