Бөлімдер
Трендтер

Қосшыда бес жасар бала Есілге батып кетті

Қосшыда бес жасар бала Есілге батып кетті

Ақмола облысы Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті. Полиция баланың өліміне қатысты сараптама тағайындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 3 тамызда Есіл өзенінде болған. Туыстары баланың денесін судан шығарып алған.

“Қосшы полиция бөлімі бұл деректі соталды тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Сараптама тағайындалды”, — деді Ақмола облысы Полиция департаменті өкілі.

Ведомство ата-аналарға мұқият болу керек екенін еске салды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget