Бөлімдер
Жаңалықтар

СҚО-да төрт адам донерден уланып қалды

Оқиға М. Жұмабаев ауданының Булаев қаласында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында өткен “Жастар” облыстық спартакиадасы кезінде төрт адам астан уланып қалды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендердің үшеуі – кәмелетке толмағандар. Алдын ала деректерге сәйкес, олардың барлығы Булаев қаласы стадионы аумағындағы сауда нүктесінен донер сатып алып жеген.

М.Жұмабаев аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бұл дерек бойынша тергеу бастаған. Қазіргі таңда тағам сынамалары алынып, зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр.