Бөлімдер
Актуалды

Астанада бір көше он шақты күнге ішінара жабылады

Астанада бір көше он шақты күнге ішінара жабылады

Астанада бір көше он шақты күнге ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, Ш.Айтматов көшесінде Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол жамылғысына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

“Сондықтан 10-22 қыркүйек аралығында осы учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен ішінара шектеледі. Сонымен қатар, екі бағытта жолдың бір жағымен көлік қозғалысы ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз”, — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget