Бөлімдер
Жаңалықтар

Синоптиктер 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

Еліміздің басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

“Қазгидромет” РМ 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Еліміздің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда тұман күтіледі, – делінген ақпаратта.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде -2°С аяз болады. Ал Алматыда ауа температурасы күндіз +18+20 °С, желдің жылдамдығы 3-8м/с.

Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Батыс өңірлерде – БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында көбіне жауын-шашынсыз болады. Түнде кейбір аймақтарда тұман түсуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 20-27° жылы болып сақталады.