Танымал блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот үкімі шыққаннан кейін араға біраз уақыт салып жазба жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олар жаңа күшпен оралғанын жеткізді.
"9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті, соттар, уайым. Отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бірақ бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен. Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рақмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді", — деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ерболат Жанабылов (@zhanabylov_e)
Айта кетейік, танымал блогерлерге Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік" және 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылды.
Еске салайық, 2026 жылы 27 сәуірде Астанада блогерлерге сот үкімі шықты:
- Ерболат Жанәбіловке мүлкін тәркілей отырып, екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
- Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, қауіпсіздігі ең төмен мекемеде 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазаны өтеу 2 жылға шегерілді. Бұл оған берілген жаза мерзімі нақты екенін білдіреді, бірақ ол бірден колонияға жіберілмейді. Кішкентай балалары болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз