Желіде бейнежазба тарады.


Шымкентте мұғалім сабақ үстінде қақалып қалған 4-сынып оқушысын аман алып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, сабақ кезінде 4-сынып оқушысы кәмпит жеп, тұншығып қалған. Оның қасында болған сынып жетекшісі дереу әрекет етіп, көмек көрсеткен. Осылайша қайғылы жағдайдың алдын алған.

"Мұғалімнің аты-жөні – Айгүл Даулбаева. Ол мектепте 27 жылдан бері еңбек етіп келеді және өз ісіне адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді", – делінген жазбада.

Желі қолданушылары ұстаздың әрекетіне ризашылығын білдірді. Олар "Дұрыс әрекет жасай білген", "Жарайсыз", "Дер кезінде жедел көмек көрсеткеніне рақмет" деп жазып, жылы пікірлер қалдырды.