Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында шетелдік қорлардан қаржы алып, Қазақстанды негізсіз сынайтын белсенділер мен сарапшылар туралы айтты.
«Бір әлеуметтік желіден азаматтық белсендінің шетелдегі семинарда сөйлеп жатқан видеосын көріп, ашуландым. Ол шетелдегі бір семинарға қатысып жатыр екен. Сол жерде Қазақстанда соңғы жылдары жағдай нашарлап кетті, азаматтар өз пікірін айта алмайды, сөз бостандығы мүлде жоқ, саяси дамуымыз артқа кетіп бара жатыр және тағы басқа да пікір айтқан. Залда отырғандардың барлығы шетел азаматтары. Мұны көріп ашуланғаным рас. Әрине, кемшіліктер бар, оны ешкім жоққа шығарып отырған жоқ. Бірақ барлығы жаман, алға жылжу жоқ, тек керісінше кетіп бара жатырмыз деп айту да жалған, шындыққа жанаспайды. Елде демократияның бар екенінің бір белгісі, ауыл әкімдерін сайлау. Парламент пен мәслихатқа тікелей бір мандаттық округтен сайланып жатыр. Бүгінде Парламентте қаншама сайлаудан өтіп, халықтың мандатына ие болып келген азаматтар бар. Міне, осының бәрін қалайша жоққа шығаруға болады? Немесе сіз өзіңіз де кез келген азаматты әлеуметтік желіден, Youtubeжелісінде өзінде қаншама саяси подкасттар шығып жатыр. Меніңше, муызканы да, киноны да осылай талқыламайтын шығар», — дейді Ерлан Қарин.
Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Егер сөз бостандығы жоқ болатын болса, егер әрбір адам өз пікірі үшін қуадаланатын болса, жұрттың барлығы Youtube-тан саясат туралы подкаст аша ма? Кәдімгідей үш адам отырып алып, талқылап, сынап жатады. Шындыққа келетін де, келмейтін де нәрсені айтып жатады. Кей кезде тіпті болмаған жағдайды талқылап жатады. Қауесет әңгімелерді шын кейіпке салып, сарапшы болып талқылайды. Тіпті, жауапкершілікті де сезінбейді. Сол үшін олар не болса соны айта береді. Сөйтіп отырып сыртқа барып, елді жамандайды. Бұған қалайша шыдайсың? Осыдан кейін қалай сын айтпайсың?» — дейді мемлекеттік кеңесші.
Ерлан Қарин жақында қоғамдық алаңда жүрген бір әріптесі Қазақстанның көрсеткіштері жақсы, сондықтан халықаралық қор мұндай жобаларды қаржыландыруды азайтатынын айтқанын жеткізді.
«Өйткені, оларға баяғыдай айналысатын қажеттілік жоқ. Сол себептіқысқартылатын көрінеді. Сол әріптесім «сіздің не айтқыңыз келгенін енді ғана түсіндім» дейді. Шындығында да, біздің кейбір әріптестеріміздің сыртқа барып, Қазақстанды жамандауы, жәй әдет емес, арнайы бір мақсат деуге болады. Себебі, елді жамандаса, қаржыларын үзбей ала береді. Бұлардың жағдайы әлі де қиын екен, әлі зерттеу керек екен, әлі бір жоба керек екен дейді. Егер жағдайдың дұрыстығын айтса, оларға қаржы берілмейді. Мен жағдайдың шынында солай екенін енді ғана түсіндім. Ол баяғыдан солай. Қоғамдық алаңда жүрген кейбір әріптестерді білемін, 20-30 жыл өтті, айтатын әңгімелері бір. Бірақ осы Қазақстанда жүреді, сыртқа бизнес-класпен ұшып барады. Шетелде қыдырып жүреді, мысалы біз олай жүрмейміз. Шетелде жүреді, пайданы осы елде табады, сыртқа барып Қазақстанды жамандайды. Осыдан кейін қалай сынамайсың? Сосын елде жүрген тілшілерді тәуелсіз емес деп айтады. Шын мәнінде оларды да басқа елдің үкіметі қорлар арқылы қаржыландырып отыр екен. Шындықты да талап ететін болсақ, әділ болайық. Бірдей талап қояйық. Сонда ғана тура жолмен жүреміз», — дейді ол.