Алматыда әйгілі Фурманов шыңындағы әткеншек жаңғырту жұмыстарынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 қыркүйекте Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
"2 524 метр биіктікте орналасқан Іле-Алатау ұлттық паркінде Алматының ең танымал орындарының бірі қайта жаңғыртылды. Фурманов шыңының етегіндегі әткеншек ежелден таудағы серуен мен ұмытылмас әсердің символына айналған".
Әкімдік енді әткеншек бұрынғыдан да ыңғайлы, қауіпсіз әрі экологиялық кейіпке енгенін айтты.
"Тіреулері бекітіліп, құрылымы жаңартылды; Жаңа орындықтар орнатылды, ол 500 кг дейін салмақ көтереді. Сондай-ақ, аумақ көркейтілді, демалуға арналған орындықтар мен шағын сәулеттік нысандар қойылды",- делінген ақпаратта.
Алматы туризм басқармасының мәліметінше, нысан өзінің рухын сақтай отырып, қонақтар үшін бұрынғыдан да жайлы бола түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)
Бұған дейін Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Алматы мен Алматы облысындағы туризм әлеуетіне тоқталғанын жазғанбыз.