2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап елімізде қызды еркінен тыс алып қашып, некеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналады, деп жазады Egemen .kz.

Қылмыстық кодекстің жаңа 125-1-бабына сәйкес, мұндай әрекет жасағандар 2 мың АЕК-ке дейін (шамамен 7,8 млн теңге) айыппұл төлейді, түзеу жұмыстарына тартылады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Егер қылмыс күш қолданумен, кәмелетке толмағанға қатысты немесе топ болып жасалса, жаза күшейеді. Мұндайда 5 мың АЕК-ке дейін (19,6 млн теңге) айыппұл салынып, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң Мәжіліс депутаттарының бастамасымен қабылданып, Президент қол қойғаннан кейін бүгіннен бастап күшіне енді.