Қазақстанда неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша алғашқы қылмыстық істер қозғалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Қай өңірлерде тіркелген?

Бұл жайттар Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тіркелген.

"Екі жағдайда жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болған. Бұл жайттарға қатысты тергеу жалғасып жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Қандай жаза төніп тұр?

Айта кетейік, бұған дейін неке қиюға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-тің жаңа 125-1-бабы) енгізілді.

Әйел адам ұрланып, оны күш қолдану қаупімен немесе мүлкін жою не бүлдіру қатерімен неке қиюға мәжбүрлесе, кінәлі адамға 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не дәл сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 2 жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Абайсызда ауыр зардаптар туындаған жағдайда кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget