Испаниялық клубтың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде доп тебетін ойыншылары белгілі болды.

Құрамды Мадридтің "Реал" клубы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Фран Гонсалес;

Қорғаушылар: Дани Карвахаль, Эдер Милитао, Давид Алаба, Трент Александер-Арнольд, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хёйсен;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде аты аңызға айналған "Реалдың" қарсыласының бірі – алматылық "Қайрат". Матч 30 қыркүйекте Алматы қаласында өтеді.

Кеше "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынының билеті қашан сатылымға шығатыны және оның бағасы белгілі болған еді.