Елде асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған «Игілік» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

«Бағдарлама мал басының көбеюіне және тұқымды асылдандыруға оң әсерін тигізеді», — дейді мамандар. Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақмола облысындағы бірқатар шаруашылықтарға барып күзгі жиын-терін науқанының барысымен танысты. Сондай-ақ өңірде асылтұқымыды мал өсіріп отырған қожалық басшыларымен кездесіп, малшаруашылығын, сүт өндірісін дамытуға арналған бағдарламаларды талқылады. Жеңілдетілген несие беру, азық-түлік өнідірісін арттыру, жас мамандарды ауылға тарту мәселесі де назардан тыс қалмады.