Түркістан облысында деструктив діни ағымның жақтастары ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір прокуратурасы мәліметінше, олардың Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінен 9 мм калибрлі "ТТ" маркалы тапанша және 18*45 калибрлі "Байкал МР-461" маркалы қару тәркіленген.
"Бұл қарулар оқ атуға жарамды екені анықталды. Бұл қаруларға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктілердің тұрғылықты жерінен ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген адам ұсталды", — деп жазылған хабарламада.
Соталды тергеп-тексеру басталып, күдіктілер ұсталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!