Елдер ғана емес, қалалар да қарқынды қатынас орната бастады. Қытайдың Шэньчжэнь шаһарынан ресми іскерлік делегациясы Астанаға арнайы келді.
Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуді көздейді. Қазіргі көрші елдің тау-кен өндірісіндегі инвестициясының 21 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл туралы Дүниежүзілік қазақ қауымдастығы жастар бірлестігінің төрағасы Нұрдаулет Бөкейхан айтты. Жалпы жиынға Шэньчжэнь қаласынан 32 ірі компанияның өкілдері қатысты. Олар еліміздегі жасанды интеллект, көлік, ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларына қаржы құюға қызығушылық танытып отыр.