Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ сапар аясында трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және дөңгелек үстел форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.