Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы атап өтілді.

Осы аралықта еңбек адамының мәртебесі артып, оларға нақты көмек көрсетілді. Атап айтсақ, жұмысшы құқығын қорғау, жалақы дауы, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету сынды бірқатар маңызды бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. Биыл Кәсіподақтар федерациясы еңбеккерлердің мүддесін қорғауға бағытталған 247 істі қарады. Басым бөлігі жұмысшылардың пайдасына шешілді. Нәтижесінде 3,7 миллиард теңге көлеміндегі жалақы берешегі қайтарылды. Бұл қағаздағы есеп емес, мыңдаған отбасының нақты табысы. Сонымен қатар кәсіпорындардағы ұжымдық шарттардың саны жыл ішінде 40 пайызға артты. Бұл жұмысшының жалақысы, демалысы, әлеуметтік кепілдігі кәсіподақтың қатысуымен нақты бекітілді деген сөз.