Биыл еліміз үшін әлеуметтік-экономикалық қана емес, сондай-ақ заңнамалық өзгерістерге толы жыл болды.

Сенат жыл басынан бері бас-аяғы 102 заңды қараған. Президент тапсырмасына сай әзірленген жаңа Цифрлық Кодекс — соның бірі әрі бірегейі. Бұл құжат алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлық елге айналдыруға құқықтық негіз болады. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Ол сондай-ақ Құрылыс кодексінің маңызына тоқталды. Онда құрылыс объектілерін салу сапасын арттырып, мемлекеттік бақылауды күшейтетін тетіктер енгізілген. Сенат депутаттарының жіті назарында болған тағы бір айрықша құжат банктер қызметіне қатысты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Бүгін Президентіміздің тапсырмасымен әзірленген Жаңа Құрылыс Кодексін қарадық. Кодексте құрылыс объектілерін жоспарлау және салу сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды норма қамтылды. Сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылауды күшейтетін тетіктер енгізілді.Бүгін қаралған тағы бір өте маңызды құжат – «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа редакциядағы заң. Бұл заң банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге және азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға сомды үлесін қосады деп сенеміз.