Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топ анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 мамырда полиция қызметкерлері 10 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олардың қатарында бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері де бар. Күдіктілер мегаполис аумағында жасалған бірқатар ауыр және аса ауыр қылмысқа, соның ішінде бұзақылық, бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегіне, қару-жарақ пен өзге де тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінді.

"21 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан едәуір көлемдегі қару-жарақ пен өзге де заттар тәркіленді. Мысалы күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен бірнеше атыс қаруы және травматикалық қару, соның ішінде кесілген мылтықтар мен оқ-дәрілері бар Калашников автоматы табылды. Бұл қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget