Елдің министрлер кабинеті виза саясатын түбегейлі қайта қарауды мақұлдаған.
Сондықтан да, 93 ел мен аумақтың азаматтары үшін қолданыстағы 60 күндік визасыз режимді тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Консулдық істер департаментінің бас директоры Мангкона Пратумкэудің сөзінше, негізгі өзгеріс бұрын қамтылған барлық ел үшін 60 күндік визасыз режимді толығымен жою. Сондай-ақ, 30 күндік визасыз кіруге құқығы бар елдер санын 57-ден 54-ке дейін қысқартқан. Аталған схема енді тек туристік мақсаттарға арналған.
Сонымен қатар, 3 ел немесе аймақтан келген туристер үшін жаңа 15 күндік визасыз кіру режимі енгізілген. Ал келу кезінде виза беру бағдарламасы айтарлықтай шектелді, яғни қатысушы елдер саны 31-ден 4-ке дейін азайды.
Сыртқы істер министрлігі елге кіру рәсімдерін оңтайландыруды, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін, туристік экономиканы дамытуды және дипломатиялық өзара қарым-қатынас принципін реформаның негізгі мақсаттары ретінде айқындайды. Жаңа ережелерге сай, әрбір ел артықшылықтардың қайталануын болдырмау үшін бір ғана виза схемасын пайдалана алады.
Жаңа ережелер Корольдік газетінде ресми жарияланғаннан соң 15 күн өткеннен кейін күшіне енбек.