Бұрынғы әлем чемпионы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің және World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Мысырдың Гиза қаласында өткен бокс кешінде украиналық Александр Усик пен нидерландтық Рико Верхувен арасындағы жекпе-жекті тамашалады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шара кезінде Геннадий Головкиннің Сауль Альварес пен Энтони Джошуамен қатар отырып, жекпе-жекті бақылаған сәті камераға түсіп қалды.
Жекпе-жек 11-раундта Александр Усиктің жеңісімен аяқталды.
Осылайша украиналық боксшы ауыр салмақтағы WBA Super, WBC және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын сақтап қалды.
Ортақ 36 раунд