Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті.


Ақмола облысының прокуратурасы Ақкөл ауданында орман қоры жерлерінің заңды пайдаланылуына жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Талдау барысында орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры жерлерін сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарға сай пайдаланбағаны анықталған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы кадастрлық құны 285 млн теңге болатын орман қорының екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аталған аумақтар алдағы уақытта туристік бизнесті дамыту және әлеуетті инвесторларға ұсыну мақсатында қарастырылмақ.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.