Оқулықтардың қалай өзгеретіні белгілі болды.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте оқулықтарды жаңартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Биыл 2, 3, 7, 8 және 9-сыныптарға арналған оқулықтар жаңартылады. Жаңа оқулықтар жаңа Ата заңның нормаларымен қамтылады. Сонымен қатар мектеп бағдарламасына жасанды интеллект бағыттары да енгізілмек.
"Преамбуладан бастап қамтылды. Адам капиталын дамыту, мемлекеттік қызметтегі стратегиялық тәсілдер, білім мен ғылымды дамытуға қатысты баптар және өзге де баптар көрініс табады. Бұл бағыттар 1-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі тақырыптарға енгізіледі", – деді министр.
Айта кету керек, бұған дейін елдегі 13 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер екенін жазғанбыз. Мұғалімдер өздері сабақ беретін оқушыларына ақылы репетитор бола алмайды.