Мәскеулік "Спартак" Қазақстан құрамасы мен Түркияның "Бешикташ" клубының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов үшін 3 миллион еуро ұсынып отыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Fotomac мәліметінше, клубтар арасындағы келіссөздер жалғасып жатыр. Түркия астанасынан шыққан клуб ойыншы үшін 5 миллион еуро талап еткен.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов бұған дейін де, 2019-2020 жылдары, Ресейдің "Ростов" сапында, ал 2020 жылдан 2023 жылға дейін Мәскеудің ЦСКА командасында ойнаған. "Ростов" сапында ол 83 матч өткізсе, ЦСКА командасында 35 ойынға қатысқан.
Еске салайық, 2023 жылғы тамызда Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-дан "Бешикташқа" 4,5 миллион еуроға ауысты. Дебют маусымында ол клубқа Түркия Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Алайда Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені үшін түрік чемпионатындағы екінші маусым сәтсіз өтті. Ол барлық турнирде бар болғаны 12 матчқа қатысты, ал кейінгі рет алаңға 26 қаңтарда шыққан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз