Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Финалда ол испаниялық Рафаэль Лосано Серраноға қарсы шықты.
Бірінші раундта қазылардың барлығы (5:0) жеңісті қазақстандыққа берді. Екінші раундта бір төреші ғана испандықтың басымдық алғанын санағанымен, жалпы есепке әсер етпеді (4:1).
Соңғы раундта Махмуд жағдайды толық бақылауда ұстап, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Нәтиже: Махмуұ Сабырхандікі – 5:0 есебімен таза жеңіс.
Бұл Қазақстан үшін Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы екінші алтын болды. Осыған дейін Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола, Назым Қызайбай күміс, ал Санжар Тәшкенбай алтын медаль иеленген еді.
24 жастағы Махмуд Сабырхан үшін бұл — екінші әлем чемпионы атағы. Ол 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы Ташкентте алтын медаль алған болатын. Осылайша, ол қазақ боксы тарихында қос әлем чемпионы атанған екінші спортшы болды. Бұған дейін бұл жетістікке тек аңызға айналған Серік Сәпиев қол жеткізген.
Айта кетейік, Ливерпульдегі финалда Махмұдтың туған інісі Төрехан Сабырхан да бақ сынайды. Сабырхандардың өнері әлем чемпионатында зор қызығушылық тудырып отыр.
Бүгін кешкі сессияда (22:00-ден кейін) тағы бес қазақстандық боксшы алтын үшін рингке шығады: Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!