Жаһандық сын-қатерлерді еңсеру үшін барлық конструктивті және жасампаз күштердің бірлесіп әрекет етуі маңызды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі қарсаңындағы Хатшылықтың ХХІІІ отырысында осылай деді. Жиынға ортақ мүдде жолында күш біріктірген түрлі дін өкілдері қатысты. Көшбасшылар ертең және арғы күні өтетін сегізінші Съездің және Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Біз халықаралық қатынастар жүйесі өзгерістерге ұшырап, жаңа сын-қатерлер пайда болған және бұрынғылары шиеленісе түскен кезеңде жиналып отырмыз. Гуманитарлық дағдарыстардың ушығуы және мәдени мұралардың қирауы да алаңдатып отыр. Халықаралық қауіпсіздік тетіктері қауқарсыздық танытып, протекционизммен біржақты әрекеттер артуда. Мұндай сын-қатерлерді еңсеру үшін барлық конструктивті және жасмпаз күштердің бірлесіп әрекет етуі айырықша мәнге ие.