Маңғыстау облысында «Айбалта — 2025» оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлығына «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан 3 мың әскери қатысуда. Тактикалық жиын өтетін полигонға мыңнан астам әскери техника жеткізілді. Жаттығу бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады. Алғашқысында қарулы әскер таңсәріден дабылмен көтеріліп, белгіленген ауданға жедел жетті. Сол жерде күндіз және түнгі мезгілдегі шабуылдау мен қорғаныс операцияларын орындады. Оқу-жаттығуда ұшқышсыз ұшу аппараттары мен қашықтан басқарылатын барлау жүйесі қолданылуда.
Жәнібек Ердәулет, №1 шабуылдау ротасы командирінің орынбасары:
- Біздің мақсатымыз Ақтау қаласынан Бейнеу кентіне дейін 500 шақырымдық әскери техникамен шеру жасап, сол жақта белгіленген орынға орналасу. Үкімдер мен бұйрықтарды дер кезінде орындап, қойылған тапсырманы өте жақсы деңгейде орындау. №1 шабуылдау ротасының моральдық-психологиялық жай-күйі жоғары деңгейде.