Бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбай өзінің жеке өмірі мен отбасы туралы ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол танымал журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген.

Былғары қолғап шебері әйеліне үйленбес бұрын өте ауыр шарт қойған.

"Үйде 4 ұлмыз. Мен үйдің үлкенімін ғой. Нұрбектен 5 минутқа үлкенмін. 2022 жылы Ата-анамыз "үйлен, немере көрейік" деп айта бастады. Бәрінің немересі бар. Өзімнің де үйленемін деп жүрген қызым бар еді сол кезде. Қазір әйелім ғой. Ол кісі дзюдошы болған. Екеуміз 2016 жылы Якутияда жарысқа барған кезде таныстық. 16 жастамыз. 4 жарым сағаттық рейсте таныстық. 2020 жылы айттым "дзюдоны қоясың, менің саған деген ойым үйлену" деп. Ол мені тыңдады, көнді. Қазір енді ана болып отыр ғой. Бір баланың анасы, — деді әлем чемпионы.

Сондай-ақ Айбек Оралбай болашақта баласын боксқа бермейтінін де айтып қалды.

"Болашақта баламды дзюдоға беремін. Себебі өзім бокста жүрген соң, білемін бокс жолы қандай қиын, ауыр екенін. Ұлымды қимаймын", — деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетінші арна | 7 канал (@tv7_kz)