Маңғыстау облысында сот ер адамды бұрынғы әйелін асырауға міндеттеді. Ай сайынғы төлем мөлшері шамамен 20 мың теңге болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Істің мән-жайы

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа бұрынғы әйелі талап арыз беріп, 2023 жылы туған балаларына үш жасқа толғанға дейін өзіне алимент төлеуді сұраған.

Сот барысында бұрынғы күйеуі талапты толық мойындап, экс-жұбайына ай сайын 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде алимент төлейтінін растады.

Сот ұстанымы

Шешім шығару кезінде сот ер адамның материалдық жағдайын және әйелінің бала күтіміне байланысты жұмыс істей алмайтынын ескерді. Сондай-ақ бұрынғы жұбайының материалдық қолдауға мұқтаж екені атап өтілді.

Қорытынды шешім

Сот талапты толық қанағаттандырып, алиментті ай сайынғы төлем түрінде өндіруді бекітті. Шешім заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget