Құрылыс нысандарына бірегей нөмір берілетін болады. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрі түсініктеме берді. Арнайы нөмір жобалау сатысында автоматты түрде тағайындалады.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл құрылыс сапасын қадағалау үшін қажет. Бірегей нөмір арқылы нысанға қатысты барлық құжатты табуға болады. Яғни бастапқы жобасы қандай болғанын, құрылыста қандай материал қолданылғанын анықтауға мүмкіндік бар.