14-21 қазан аралығында Семейде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: ерлер арасында 246 спортшы және әйелдер арасында 125 спортшы.

Айта кетейік, 14 қазанда жарыстың жеребесі тартылды. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget