Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі бұзылған жағдайда Америка қатаң шаралар қолданады. Дональд Трамп осылай дейді. Бұған дейін ХАМАС израильдік тұтқындардың сүйегін қайтару біраз уақыт алатынын айтқан еді. Ұйымның хабарлауынша, Израильдің әуе соққыларынан қираған туннельдердегі үйінді астында қалып қойғандар бар. Бірақ ол жерлерді аршуға арнайы техника қажет, ал Израиль мұндай жабдықтың аймаққа жеткізілуіне тыйым салған.