22-25 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Байрақты додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан он балуан өнер көрсетеді:
- 50 келіге дейін: Лаура Ғаниқызы
- 53 келіге дейін: Зейнеп Баянова
- 55 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек
- 57 келіге дейін: Нулифар Райымова
- 59 келіге дейін: Виктория Хусаинова
- 62 келіге дейін: Тыныс Дүбек
- 65 келіге дейін: Жаныл Бекен
- 68 келіге дейін: Бейбіт Сейдуәлі
- 72 келіге дейін: Шамшиябану Тастанбек
- 76 келіге дейін: Алина Ертөстік
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз