Полицейлер Шахтинск тұрғынының қорасынан жасырын фитозертхана тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында 39 жастағы ер адам үйінің ауласындағы қорада қарасора өсіруге арналған жасырын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, күдікті көктемде кездейсоқ қарасора тұқымын тауып алып, интернет арқылы жылыжай жасау мен өсімдікті күтіп-баптау тәсілдерін меңгерген.

Кейін ол қора ішінде қажет құрал-жабдықтарды орнатып, арнайы жарық пен суару жүйесін іске қосқан. Ер адам өсімдікті тек өзі пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", — деді ІІМ өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget