Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

"Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен полиция полковнигі Талғат Шаяхметов Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Талғат Шаяхметов туралы не белгілі?

Талғат Шаяхметов ішкі істер органдарында 27 жылдан аса қызмет атқарып келеді. Ол криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік бойынша бөліністерде тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ІІМ ӨҚД бастығының орынбасары, аумақтық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Бұған дейін ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget