Қазақстан жаһандық тұрақтылықтың маңызды тірегіне айналды. Түркі елдерінің тарихын зерттеуші ғалым, профессор Абдуллах Гүндодуның пайымынша, Астана егемендік декларациясын қабылдап, тәуелсіз ел атанғаннан кейін көпжақты халықаралық ұйымдар мен жаһандық келісімдер арқылы ұлт үдерісін жылдамдатты .
Тарих, мәдениет, білім салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Осы бастамалардың аясында Қазақстан халықаралық аренада имиджі қалыптасқан мемлекет ретінде танылды. Сарапшы: «Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы ел екеніне тоқталып, бауырлас екі мемлекеттің Республика күні мерекесі қазан айында аталып өтуі тарихи жағынан үйлесімді жағдай», — деді.
Абдуллах Гүндоду, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Әлем елдері Қазақстанды жаһандық тұрақтылыққа, бейбітшілікке үндейтін және халықаралық қатынаста оң көзқарасқа ие ел деп біледі. Ал Түркі әлемі тұрғысынан қарасақ, Қазақстан түркі елдерін толықтыра түсетін, маңызды құрамдас бөлігі бола білді. Түркияның да Республика күні осы қазан айының 29-ы атап өтіледі. Бұл Түркия мен Қазақстан арасында тарихи жағынан үйлесімді жағдай. Мен тарихшы ретінде Қазақстанның қалыптасу тарихын, өзін жер жаһанға таныту әдісін өте құнды деп санаймын. Мемлекетке тыныштық тілеймін. Өркендеп, нығайып, дами берсін!