Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы ер адам ұсталған. Дерекке сүйенсек, ол есірткі қылмысымен айналысқаны үшін 2008 жылғы 15 мамырдан бастап халықаралық іздеуде болған.
"Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адамға қатысты тиісті шара қолданылып жатыр. Мән-жайы тергеу барысында мұқият тексеріледі", — деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!