Алматылық " Қайрат " пен астаналық "Астана" арасындағы матч 2025 жылғы маусымның Қазақстан Премьер-лигасының чемпионын анықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Матч 26-тур аясында Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті.

"Қайрат" — "Астана": құрамдар

"Қайрат": Темірлан Анарбеков (қақп.), Луиш Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Глазер, Арад, Громыко, Мрынский, Жоржиньо, Сатпаев.

"Астана": Чондрич (қақп.), Бартолец, Шомко, Аманович, Калаица, Эбонг, Башич, Грипши, Томасов, Камара, Джеффри.

"Қайрат" — "Астана": ойын барысы

Старт ысқырығынан 15 минут өткенде "Астананың" лидері Марин Томасов жартылай қорғаушы Назми Грипшиден келген пасты голға айналдырып, есеп ашты.

Алғашқы тайм нәтижесі — 0:1, "Астананың" пайдасына.

Екінші тайм басталар алдында "Қайрат" бас бапкері қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Эдмилсонды шығарды.

56-минутта "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сатпаев есепті теңестірді — 1:1.

Қалған уақыт тартысты өтті: "Астана" жеңісті жұлып алуға бар күш салғанымен, алға шыға алмады, ал "Қайрат" өткір шабуылдармен жауап қайырды.

Матч алдындағы жағдай айқын еді: алматылықтарға титулды сақтау үшін тең ойын жеткілікті, ал астаналықтарға міндетті түрде жеңіс керек болатын.

Қорытынды есеп — 1:1. Осылайша, "Қайрат" басты қарсыласымен бетпе-бет ойында чемпиондық атағын қатарынан екінші рет растады және клуб тарихындағы бесінші чемпиондығын жеңіп алды.

Logotype Massaget