Еліміздің абыройын 53 спортшы қорғайды.


Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында дүние жүзінің үздік палуандары – Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының және құрлық біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.