Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Индира Мәуленова қайын атасын туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Индира Мәуленова қайын атасының осы шаңыраққа келгелі бері өзіне ерекше қамқорлық көрсетіп, әрдайым «қызым» деп еркелететінін атап өтті.
«Осы үйге келгелі өз қызындай қарап, әрдайым қызым, қызым деп еркелетіп жүреді. Туған күніңізбен!» – деді Индира Мәуленова.
Жазбаға желі қолданушылары да жылы пікірлерін білдірді. Көпшілік Нұртас Айдарбековтің келінін маңдайынан сүйіп, қамқорлық танытқанына сүйсініп, отбасыға ақ тілектерін арнады.
Дереккөз: Skif News · Сағыныш Назар




